Меню KDT
МЕНЮ
  • Vk
  • YouTube
  • Twitter
  • Instagram

logo.png?_=1507709100

  • kz
  • Астана қаласы №49 орта мектебінің сайтына қош келдіңіздер! Сіздер мектеп тарихы мен тынысы туралы мағлұмат ала аласыздар!
    Меню школы




     

    Құрметті ұстаздар!

    Сіздерді Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын. Шәкірттерді білім  нәрімен сусындатып, ең асыл қасиеттерді бойларына  сіңіруде еткен еңбектеріңізге  шығармашылық табыс,  отбасыларыңызға береке, бірлік  тілеймін!





    Сұрақ :

    Сәлеметсізбе, менің балам биыл 11 сынып оқиды. Егер балам ҰБТ-ге бармай, мектепте мемлекеттік емтихан тапсыратын болса, онда қандай пәндерден емтихан алынады?

    Ата –ана:  Айжан 

    Жауап

    Құрметті Айжан!

    ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесіне сәйкес ҰБТ-ге қатысуды қаламайтын 11- сынып оқушылары төрт міндетті және таңдау бойынша бір пәннен ауызша мемлекеттік бітіру емтихандарын тапсырады: қазақ тілі, алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша; орыс тілі мен Қазақстан тарихынан ауызша; таңдау пәнінен ауызша.
     

    Сұрақ 
     Сәлеметсізбе, баланы  1 сыныпқа қабылдау үшін қандай құжаттар керек?
    Ата-ана: Айгүл
     
    Жауап
    Құрметті Айгүл!
    Бастауыш білім беру ұйымының бірінші сыныбына баратын балалардың заңды өкілдерінен өтініш қабылдау ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 30 тамызы аралығында жүргізіледі.
           Бастауыш білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау кезінде басшылар оқуға келушілерді, олардың заңды өкілдерін осы Қағидалармен, жарғымен және білім беру процесін ұйымдастыруды регламенттейтін басқа да құжаттармен таныстырады.
    Бастауыш білім беру ұйымының бірінші сыныбына қабылдау кезінде емтихандар, тестілеулер, сынақтар, конкурстар жүргізілмейді.
     
          Бірінші сыныпқа балаларды қабылдау үшін мынадай құжаттар қажет:
          1) баланың заңды өкілдерінен өтініш;
          2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
          3) денсаулық жағдайы туралы анықтама (медициналық паспорт);
          4) тұратын жерінен анықтама немесе тұратын жерін растайтын басқа құжат;
          5) 3x4 көлеміндегі фото — 2 дана.
      

     
    Сұрақ 
    Менің қызым Наргиза 7 жаста.Бұған дейін  балабақша немесе мектепалды даярлық  сыныпқа барған жоқ.  Мектепалды даярлық  сыныбына бармаған бала   сыныпқа қабылдана ма?
    Ата-ана: Мөлдір.

     
    Жауап 
    2016-2017 оқу жылында мектепалды даярлық сыныптарында білім беру процесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына (бұдан әрі – Стандарт), Мектепалды даярлықтың білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – ҮОЖ) сәйкес ұйымдастырылады Бастауыш білім беру ұйымдары даярлық деңгейіне қарамастан, кезекті оқу жылының 1 қыркүйегіне дейін білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумақтарындағы алты (жеті) жасқа толған барлық балалардың бірінші сыныпқа қабылдануын қамтамасыз етеді.      Мектепке дейінгі мекемелерде болмаған немесе мектепалды даярлықтан өтпеген балалар үшін білім беру ұйымдары оқу жылы басталғанға дейін даярлық курстарын ұйымдастырады.
          Білім алушылар қатарына қабылдау білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі.
          Сыныптарды даярлық деңгейі және даму дәрежесі бойынша жасақтауға рұқсат етілмейді. Бұл ретте сыныптағы шекті сыйымдылық 25 білім алушыдан аспайды.


    Сұрақ: Құрметті мектеп басшысы! Ұстаздың дін туралы уағыз айтуға құқығы  бар ма?
    Гүлмира Жаппарова,
    Астана қаласы

    Жауап:
    Қазақстан Республикасының «Білім» туралы заңының 51 бабының 3 бөлімінің 6 тармағында: «Педагог қызметкердің білім беру процесін саяси үгіттеу, діни насихат жүргізу мақсатында немесе білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу пиғылымен пайдалануына тыйым салынады», - деп көрсетілген.


    Сұрақ:
    Мектепте спорт секциялары жұмыс істей ме? Істесе, ақылы негізде жүргізіле ме?
    Айгүл Қадырова,
    Астана қаласы
    Сарыарқа ауданы

    Жауап:
    Оқушыларды спортпен шұғылдануға тарту мақсатында мектебімізде жыл сайын спорт секциялары өз жұмыстарын жүргізеді. Осыған байланысты, биылғы оқу жылында да велоспорт, баскетбол, воллейбол, баскетбол, жеңіл атлетика және тоғызқұмалақ секциялары жұмыстарын жалғастырады.  Спорт секциялары ақысыз негізде жүргізіледі.  

     

    Сұрақ:
    Мектеп әкімшілігі және сынып жетекшісі хиджаб киюге тыйым салуда. Мұндай тыйым салуға мектеп тарапынан қандай негіз бар?
    Ата-ана Ұлжат Найманбаева


    Жауап:
    Құрметті ата-ана! Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14-1 тармақшасында: Мектеп формасына түрлі конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды. Орта білім беру ұйымында кез келген діни конфессияға қатынасын білдіретін діни киімдерді (хиджаб, никаб, бурка, паранжа, сингх тюрбандары және иудей кипа-бас киімдері және т.б.) және кез келген атрибутикаларды (белгілерді) киюге тыйым салынған – деп көрсетілген.
     

    Құрметті мектеп әкімшілігі!

    26.04.2014
    0
    Құрметті мектеп әкімшілігі! Сұрақ: Биылғы оқу жылы баламды Сіздерге 1-сыныпқа берейін деп едім. Қандай құжаттар тапсыру керек? Балам 7 жаста, балабақшаға барған емес.  Балабақшаға бармаған
    Толығырақ

    Ата-аналар үшін. Aқпарат айнасы

    26.04.2014
    0
    Құрметті ата-аналар! Астана қаласының №49 орта мектебіне білім беру қызметін жүзеге асыратын мекемеге қатысты шағын ауданда тұратын оқушылар қабылданады.
    Толығырақ

    Қазақстан Республикасының Президенті 
    Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

    Рухани жаңғыру

    Пайдалы сілтемелер