Меню KDT
МЕНЮ
  • Vk
  • YouTube
  • Twitter
  • Instagram

logo.png?_=1507709100

  • kz
  • Астана қаласы №49 орта мектебінің сайтына қош келдіңіздер! Сіздер мектеп тарихы мен тынысы туралы мағлұмат ала аласыздар!
    Меню школы

    «Келісілді»                                                                                                                 «Бекітемін»  
    Кәсіподақ ұйымының  төрағасы                                                                          № 49 ора мектеп директоры                                        ______________ Б.Б. Жанатаев                                                                             _________Д.М.Джумартова

     

    Астана қаласы Білім басқармасының
    «№49 орта мектеп» ММ-нің  
      ІШКІ  ЕҢБЕК  ТӘРТІБІНІҢ
      Е Р Е Ж Е С І

     

                Осы ереже ҚР Еңбек кодексіне және мектептің Жарғысына сай құрастылған, қызметкерлер мен әкімшілік ішкі еңбек  тәртібін анықтайды және мектеп қызметімен байланысты т.б. сұрақтарды ретке келтіреді.

               Ереже мен еңбек шарты мектептің барлық қызметкерлеріне таратылады.

               Қызметкерлердің міндеттері лауазымдық нұсқаулық және еңбек шартымен анықталады.

               Еңбек тәртібін бұзушыларға тәртіптік жазалар мен қоғамдық шаралар қолданады. 

     1. Мектеп қызметкерлерінің  жалпы  міндеттері:
    1.1. 
    «№49 мектеп» ММ қызметкерлері міндетті:

    * Мектептің Жарғысында, ішкі тәртібінің ережесінде және лауазымдық нұсқауларында көрсетілген міндеттерді қатаң түрде орындауға;

    * еңбек тәртібін сақтау – жұмысқа уақытында келу, белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығын сақтау, әкімшіліктің бұйрықтарын уақытта орындауға;

    * еңбекті қорғау ережесі мен қауіпсіздік техникасының талаптарын, өндірістік санитарлық, өртке қарсы ережені және алдын-ала ескертілген ережелер мен нұсқаулықтарды сақтауға;

    * жұмыс орнын таза және ұқыпты ұстауға, белгіленген материалдық құндылықтар мен құжаттарды ретпен сақтауға;

    * мектептің оқушыларына мектептің мүлкіне ұқыпты қарауды үйретуге, жылу, электр энергияны, материалдарды үнемді қолдануға;

    * медициналық тексерістер туралы нұсқауларында белгіленген тиісті мерзімге дейін медициналық тексерістен, қажетті егілуден өтуге.
    1.2. №49 орта мектептің педагог қызметкерлері сабақ және қоңырау уақытында оқушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне толық жауап береді. Оқушы жарақаттанған кезінде әкімшілікке дер кезінде хабарлауы тиіс.
    1.3. Оқушыларды кабинетте жалғыз қалдыруға тыйым салынады. 
    1.4. Педагогтар оқушыларды сабақ аяқталғаннан кейін келесі жағдайларда қалдыруға болады:

     -   сынып сағаттары мен жиналыстар өткізілгенде;

     - қоғамдық және сыныптан тыс өткізілетін іс-шаралар және дайындалғанда;

     -    сынақтар, қосымша сабақтар;

     -    мектепішілік кезекшілікте.

      2. Педагогтар мен қызметкерлердің 
                                                                                      жұмыс уақыты және оның қолданылуы:

    2.1. Мектептің орта және жоғары сыныптарда жұмыс  істейтіндерге аптасына 6 (алты), бастауыш сыныптардажұмыс 5 (бес)  күндік болып белгіленген. 

    Жалпы жұмыс уақыттың ұзақтығы 8 сағаттан аспайды.

    2.2. Педагогтардың сабақтарының жүктемесін мектеп директоры әдістемелік бірлестік пен кәсіподақ комитетінің келісімі бойынша белгілейді. Жүктеменің көлемі, ережеге сай, оқу жылының барысында тұрақты.

    2.3. Штаттық кестеге енгізілген қызметкерлердің жұмыс уақытының ұзақтығы сағат 08.00 ден бастап 18.00-ге дейін белгіленген.

    2.4. Директордың, оқу-тәрбие, ғылыми-әдістемелік, шаруашылық жөніндегі директордың орынбасарларының жұмыс уақыттары 8 сағаттан асуы мүмкін.

    2.5. Мұғалімдер сабақтың басталуына дейін 20 минут бұрын келуге міндетті.
    2.6. Мектеп екі аусымда жұмыс істейді:

    1- ауысымның сабақтары сағат 08.00-де басталады.

    2- ауысымның сабақтары сағат 14.00-да басталады.

    Мектеп кезекшілерінің сап түзеуі

    1-ауысымда сағат  07.30-да;

     2-ауысымда сағат 14:00-де.
    Күнделікті сабақ жоспарын бекіту  07.30-07:45.
    Сыныптың жиыны   07.45, сабаққа дайындық  08:55.
    Мұғалімдер қоңыраумен жұмысқа кіріседі.

    Сынып жетекші өзіне сеніп тапсырылған сынып оқушыларына ыстық тамақ ұйымдастыруға  жауапты.

    Апта сайын мектепішілік кезекшілік өткізіледі. Кезекші сыныптың міндетіне:

     - келмеген оқушылар туралы мәлімет жинайды;

     - тамақтануды ұйымдастыруға көмектеседі;

     - гардеробтың реттілігін қамтамасыз етеді.

     Бастауыш 1-4 сыныптарына өздері кезекшілік ұйымдастырады.

    Демалыс (каникул) күндері жұмыс уақыты болып есептеледі.
    Демалыс уақытында келмеген жұмыскерлер жұмысқа шықпаған болып саналады.

      Педагогтарға және басқа да қызметкерлерге тыйым салынады:

     - өзінің көзқарасына қарай сабақ кестесін өзгертуге;

     - мұғалімсіз оқушыларды кабинетте жалғыз қалдыруға.
    Оқу меңгерушісі мұғалімдер мен оқушыларға уақытында сабақ ауысуы туралы ескертеді.
    Мұғалім сырқаттанған немесе тағы да басқа жағдайларда мектеп әкімшілігін алдын-ала ескертуге міндетті.  
    Мектепте бірқалыпты педагогикалық ереже белгіленеді.
    Мектепте бірқалыпты педагогикалық тәртіп белгіленеді
    Кешкі 20.00-ден кейін және демалыс күндері,педагогтарға және басқада қызметкерлерге  мектепке кіруге тыйым  салынады:

    Осы Ереже бекітілгеннен кейін барлық қызметкерлер тәртіпті орындауға міндетті.

    Барлық қызметкерлер, осы Ереже бекітілгенге дейін жұмыс атқарған және жаңадан қабылданған қызметкерлер міндетті түрде қолы қойылып таныстырылады.

    Осы Ереже № 49 орта мектебінің  ішкі құжаты болып есептелінеді және іс – жүргізу  бөлімінде сақталады.

    Содержимое страницы

    Қазақстан Республикасының Президенті 
    Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

    Рухани жаңғыру

    Пайдалы сілтемелер