Меню KDT
МЕНЮ
  • Vk
  • YouTube
  • Twitter
  • Instagram

logo.png?_=1507709100

  • kz
  • Астана қаласы №49 орта мектебінің сайтына қош келдіңіздер! Сіздер мектеп тарихы мен тынысы туралы мағлұмат ала аласыздар!
    Меню школы

    Название страницы

    Сабақты тоқтату  параметрлері

    Астана қаласының Білім басқармасы Астана қаласы әкімдігімен келісіп белгіленген, қысқы кезеңдегі ауа-райының қолайсыз жағдайларына байланысты қала бойынша білім мекемелеріндегі (жалпы білім беретін мектептер, колледждердің 1-2 курс студенттері үшін) сабақты тоқтату параметрлерін ұсынады.
    Білім басқармасының хабарлауынша, балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында, білім мекемелерінде сабақты тоқтатудың параметрлері:
     – 1-4 сыныптарда ауаның температурасы минус 25 градус және одан төмен болғанда (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес);
    – 1-9 сыныптарда ауаның температурасы минус 30 градус және одан төмен (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес) болғанда;
     – 1-11 (12) сыныптарда, колледждерде (1-2 курс студенттері) үшін ауаның температурасы минус 35 градус және одан төмен (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес) болғанда;
    Айта кету керек, егер желдің күші 15-20 м/с болғанда ауа температурасы күшейеді (қатты жел, боран, көру деңгейінің төмендеуі).
    Сабақты тоқтату туралы ақпаратты 6.45-тен 7.00-ге дейін (бірінші ауысым) және 12.15-тен 12.30-ға дейін (екінші ауысым) келесі ақпарат көздерінен ала алады:
    - «Алма ТВ» кабельдік жүйесіне қосылған болсаңыз, «31-арна», «СТВ» арналарының жүгіртпе жолында, «Алма ТВ», Астанателеком «Digital ТВ» кабельді телевизиялық жүйесінің ақпараттық каналынан жазбаша түрде хабарлама беріледі;
    - «Хабар», «Қазақстан-1», «ОРТ Қазақстан», «Астана ТВ», «КТК», «НТК» телеарналарынан «дауысты хабарлама» беріледі;
    - «Радио-Астана», «Ретро-FM», «Қазақстан-РВ», «Авто-радио», «Шалқар» радио толқындарынан «дауысты хабарлама» беріледі;
    - 169 (ақылы), 109 (ұялы телефоннан ақысыз) телефондарына қонырау шалуға болады;
    - Астана қаласы әкімдігінің www. astana.gov.kz сайтында беріледі;
    - Білім басқармасының bilim.astana.kz сайтында сабақты тоқтату параметрлері туралы ақпарат берілген;
    - Ата-аналар үшін балалары оқитын мектептің кезекші телефонына, сынып жетекшісіне, мектеп әкімшілігіне хабарласуға болады. 
    Ескерту: Ата-аналардың есіне, сабақты тоқтату туралы ақпарат көрсетілген уақытта беріледі. Қыс мезгілінде ауа-райының суықтығын ескеріп балаларыңызға жылы киінуді, ақпаратты уақытылы тыңдауын қатаң тапсыруларыңызды өтінеміз.
     

    Қазақстан Республикасының Президенті 
    Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

    Рухани жаңғыру

    Пайдалы сілтемелер