Меню KDT
МЕНЮ
  • Vk
  • YouTube
  • Twitter
  • Instagram

logo.png?_=1507709100

  • kz
  • Астана қаласы №49 орта мектебінің сайтына қош келдіңіздер! Сіздер мектеп тарихы мен тынысы туралы мағлұмат ала аласыздар!
    Меню школы

    Название страницы

    Мектептің жалпы сипаттамасы

    "Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек"  Н.Ә.Назарбаев  

    Бүгінде тәуелсіздік пен егемендікке қол жеткізген Қазақстанда білім беру саласын дамытуға үлкен назар аударылуда. Ұлттық білім беру моделін жасау, әлемдік білім кеңістігіне кіру мақсатында белсенді жұмыстар атқарылуда.

    Мемлекеттік тілде оқытылатын мектептердің дамуы жаңа қарқын алды. Елордасы Астана қаласында да мемлекеттік тілде білім беретін бірнеше мектептер пайдалануға берілді. Сол білім ошақтарының  бірі – №49 орта мектебі.   

    Өндіріс кентінде орналасқан білім ордасының  2005 жылдың 14 қаңтарында тұсауы кесілді. Мектеп лентасын қию құрметі Астана қаласының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен мектеп ғимаратын салған «АИС Астана Компаниясы» ЖШС-нің директоры Юрий Пакқа берілді.


        

    Қала әкімі Өмірзақ  Шөкеев, Білім басқармасының бастығы Әмірхан Рахымжанов  мектеп директоры Айша Саденовнаға  мектептің символикалық кілтін табыс етті.

    Мектеп 1200 оқушыға арналған. 

    Мектеп мемлекеттік  тілде оқытылады

    Мектептің құүрылған сәтте мәдени-эстетикалық бағытта акт залы,  хореография бөлмесі, қысқы бақ орталығы, салауатты өмір салтына байланысты спорт залы, тренажерлық зал, сыртқы қысқы және жазғы спорт алаңы, ақпараттық –технология бағытындаинформатика кабинеттері,      мектепішілік кіші АТС, мультимедиялық кабинет, лингафонды кабинет,  интерактивті тақтасы бар оқу кабинеттері, кітапхана, еңбекке баулу бағытында ағаш өңдеу, темір өңдеу, іс тігу, ас әзірлеу шеберханалары ашылды.

     Мектептің  жаппай  оқуға  тарту статистикасы

    • 2004-2005 оқу жылында оқушылар саны - 669, сынып комплектісі - 27
    • 2005-2006 оқу жылында оқушылар саны - 809, сынып комплектісі - 31
    • 2006-2007 оқу жылында оқушылар саны - 896,  сынып комплектісі - 35
    • 2007-2008 оқу  жылында оқушылар  саны - 988, сынып  комплектісі - 38
    •  2008-2009 оқу жылында оқушылар саны – 1053, сынып комплектісі -41
    • 2009-2010 оқу жылында  оқушылар саны  - 1021, сынып компелкетісі - 41
    • 2010-2011 оқу жылында оқушылар саны – 1056,  сынып комплектісі - 41
    • 2011-2012 оқу жылында оқушылар саны  1087, сынып комплектісі - 43
    • 2012-2013 оқу жылында оқушылар саны 1102, сынып комплектісі - 45
    • 2013-2014 оқу жылында оқушылар саны 1155, сынып комплектісі – 46
    • 2014-2015 оқу жылында  оқушылар саны1248, сынып комплектісі-50
    • 2015-2016 оқу жылында оқушылар  саны 1296, сынып комплектісі-53
    • 2016-2017 оқу жылында оқушылар саны 1363, сынып комплектісі-55

     Мектептегі инновациялық қызмет

    Бүгінгі таңда білім беру мен тәрбиелеу жүйесіндегі ХХІ ғасырдың озық ойлы, патриот тұлғасын қалыптастыруда ұлттық тәлім-тәрбие берудің маңызы зор.   Осы бағытта педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚР «Оқу ісінің үздігі», қазіргі «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының директоры Құрманбаева Майра Жаноразқызының авторлығымен «Мың бала» жобасы  Астана қаласы Білім басқармасының «Мың бала» жобасы арқылы мектепті  басқару  эксперимент алаңы туралы» 2009 жылы 5 қарашадағы № 641 бұйрығымен тәжірибеге  енгізілді. Нәтижесінде мектеп оқушылар мен мұғалімдері арасында бірлескен шығармашылық топтар қалыптасты.

    Жоба аясында 2010 жылы  «Даңқ», «Тәуелсіздік», «Ұлттық тәрбие», «Мың бала», «Жас өркен» жаңа жобадағы кабинеттері  мен «Адамды тану...» педагогикалық-психологиялық таным орталығы ашылып, мектеп қабаттары орталықтандырылды:

                          І қабат – «Жасыл өлке»

                          ІІ қабат – «Өнер»

                          ІІІ қабат -  Жұлдыздар әлемі

                           ІҮ қабат – «Білім-ғылым орталығы».

    2010 жылы «Мың бала» жобасы қалалық деңгейде өзін-өзі тану  курстарында насихатталды. «Мың бала» жобасы  негізінде «Техникалық шығармашылық» орталығы, «Өнер» музыка мектебі және  өзге қосымша білім беру  ұйымдарымен байланыс орнатылды.
    2011 жылы мектеп оқушыларының білім деңгейін арттыру мақсатында педагог қызметкерлер арасынан «Шығармашылық орталық» тобы, «ҰБТ-ға дайындық» орталығы, «Жас мамандар» орталығы, «Озық тәжірибе тарату» топтары құрылды.
    2012 жылы«Мың бала» жобасы тамыз көрмесіне қойылып, қала мектептеріне таныстырылды. «Мың бала» жобасы  аясында «Дебат», «Көңілді тапқырлар» клубы, «Сәулет өнері», «»Жас бағдарламашылар», «Тележурналистика» бағыттары ашылды.

    2013 жылы жаңа үлгідегі «Жас суретші», «Жас шахматшы», «Жолда жүру», «Этнопедагогика» кабинеттері ашылды.

     «Мың бала» жобасы аясында мектепте қалалық, республикалық, халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу семинарлары өткізілді. 2010 жылы қазан айында  Алматы қаласында өткен «Мектепті басқарудың үздік үлгісі» республикалық  шығармашылық жоба қорғау  байқауында  «Мың бала» жобасы жүлделі орын  иеленді.

    2010  жылы қараша айында «Этнопедагогика  патриархы»  Н. Волковтың  қатысуымен «Білім берудің этнопедагогикалық негіздері: теория және практика»  тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция  өтті.

    2011 сәуір айында «Мың бала» жобасы бойынша  Байқоңыр қаласынан келген делегаттардың қатысуымен Республикалық семинар өткізілді.

    2012 жылы қазан айындағы «Шығыс Қазақстан облысындағы Астана күндері» бағдарламасы аясында өткен «Отбасы, мектеп және қоғам: қоғам игілігі үшін өзара әрекеттестігі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция мен «Білім беру саласындағы басқарушылық менеджмент» атты дөңгелек үстелде мектепте 2008 жылдан бастап эксперименталды алаң ретінде енгізілген «Мың бала» жобасының қызметі облыс көлемінде кеңінен насихатталды. 

    2013 жылы қараша айында Шығыс Қазақстан  облысында Астана қаласынан келген делегаттардың қатысуымен өткен «Мың бала» жобасы: жаңашылдықтан болашаққа»  аймақтық  семинарына  130-дан астам  Шығыс өңірінің  білім саласының қызметкерлері, бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.       

    2013жылы мамыр айында «Мың бала» жобасы: теориядан тәжірибеге» республикалық семинары өтті. Семинарға Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Ә.Т.Бимендина, Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының басшысы М.М.Ахметова, Шығыс Қазақстан облысының делегаттары және  «Мың бала» жобасының авторы М.Ж.Құрманбаева , Астана қаласының білім беру ұйымы директорлары мен  орынбасарлары қатысты.

    Мектепте «Мың  бала»  жобасының жылдық жұмысын мерекелік  фестивальмен қорытындылау дәстүрге айналған. Фестивальда инновациялық жоба аясында нәтижелі жұмыс  атқарған  педагог  қызметкерлер  мен  оқушыларға арнайы «Мың бала» жобасының сертификаттары табысталады.

    Қазақстан Республикасының Президенті 
    Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

    Рухани жаңғыру

    Пайдалы сілтемелер